Қызылордада «МедикFEST» іс-шарасы өтті. Шара аясында бос уақытын игі істерге арнап жүрген ерікті жандардың еңбегі ескеріліп, марапат төрінен көрінді.
«Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасы аясында ерікті жастарды қолдау негізінде жыл сайын 30 шағын грант бөлініп отырады дейді ұйымдастырушылар.
НАЗЕРКЕ БЕКМАТОВА - «SAULYQQA ULES» ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ //Биыл «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының шеңберінде шағын гранттар байқауында шеңберінде жеңімпаз болдым. Жобаға жалпы 100-ден аса волонтер қатысты. Бұлардың басым бөлігі медициналық оқу орындарының студенттері және аурухана, емханалардың жас қызметкерлері болып табылады.
РАСУЛ БАЗАРХАНҰЛЫ - ЖОБА КООРДИНАТОРЫ 0126_01// Ұлтының жарқын болашағын ойлаған мемлекет алдымен азаматтарының денсаулығына көңіл бөледі. Денсаулық сақтау саласын дамыту мен нығайту еліміздің алдыға қойған мақсаттарының бірі. «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасы мемлекет алдында тұрған бұл мақсатты жүзеге асыруда белсенді әрекет етуде. Денсаулық сақтау саласын дамыту мен бұл салаға волонтер-медиктерді ұштастыру бір ғана адамның құзырындағы жүк емес. Яғни, еліміздің болашағы үшін барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атсалысуымыз керек.