Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Ардагерін ардақтаған ел ардақты» тақырыбында жиын өтті.

 Басқосуға Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік ерлік көрсеткен ерлер мен төтенше жағдайлар қызметенің , сондай ақ «Невада Семей» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері арнайы шақырылған. Ұйымдастырушылар аға-ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылығын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

ҚУАНЫШ ӘБІЛДАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

// «қазіргі таңда Сыр елінде тың жобалар өркен жайып, ауқымды инвестициялар тартылып, тіректі салаларды серпінді қадамдар жасалуда. Бұл жетістіктердің артында ел ағаларының күнделікті еңбегі, ортақ мақсатқа ұмтылуы, қазіргі берік іргестасты қалаған құрметті ардагерлердің үлесі көп. Сыр елінде ел үшін тер төккен азаматтарымыз өте көп. Сіздер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елге бас болып, Сыр өңірінің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қостыңыздар. Біз өз кезегімізде әрқайсысыңыздың еңбегіңізді жоғары бағалаймыз».

 СӘБИТ ӘБІШ - ОБЛЫСТЫҚ «НЕВАДА-СЕМЕЙ» БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

// «біз істемеген жұмыс қалған жоқ. Механизатор, шофер болдық қалған өміріміз 25 жылдай теміржол саласында жолсерік болдық, пойыз басқардық, сөйтіп зейнетке шықтық. Бүгінгі мына ардагерлер күні құтты болсын. Жақсы аталып өтіп жатыр, рақмет! Барлығына денсаулық тілеймін. Тек жақсылық болсын».