#qyzylordatv #заңментәртіп
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қармақшы ауданында құқық қорғау органдары мен түрлі ведомство өкілдерінің бірлескен түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Мақсат - жасөспірімдер арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықты болдырмау әрі тазалық сақтау шараларын күшейту.
Аудан әкімдігі мен білім бөлімі, прокуратура мен полиция қызметкерлері біріккен топ Жосалы кентінде түнгі мезгілде қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Кезекті рейд жұмыстарына барлық мектептер мен аудандық білім бөліміне қарасты ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды.
Рейд барысында саябақтар мен компьютерлік клубтар, басқа да жастар көп шоғырланатын орындарды аралаған мобильді топ кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жүргізді.
ССондай-ақ, заңға сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді. Айта кетейік, рейд барысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстап, тұрғындарға бей-берекет күл-қоқыс тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.