Аралда аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы бір айлық акция басталды. Іс-шара барысында есірткі және психотропты заттарды тұтыну және жариялауға қарсы жұмыстар атқарылуда.

Нашақорлыққа қарсы акцияға аудандық оқушылар үйінің өнерпаздары да қолдау білдірді. Прокуратура қызметкерлері жасөспірімдерді жаман әдеттерден аулақ болуға, тиым салынған заттарды ұстамауға шақырды. Акция аясында аудандық прокуратура, полиция, қоғамдық даму бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен есірткіге қарсы автошеру өтті. Нашақорлыққа қарсы сөздер жазылған плакаттармен безендірілген көліктер қала көшелерін аралады. Шара барысында еріктілер тұрғындарға нашақорлықтың зияны туралы ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстауға шақырды.