Мәдениет саласының үздігі, облыстық филармонияның талантты әншісі Гүлфира Әлиханованың өнер сахнасында жүргеніне биыл жиырма жыл. Осыған орай Өнер орталығында әншінің шығармашылық кеші өтті.
ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ - ТІЛШІ
Киелі сахна төрінде жиырма жыл. Мәдениет саласының үздігі Гүлфира Әлиханованың шығармашылық кеші «Әйел-Шырақ» деп аталуы бекер емес. Өмірі өнермен өрнектелген Сырдың қызы әйел-ананың қоғамдағы орнын айшықтап отыр. Шығармашылық кештің шымылдығы арнайы жазылған «Ән бастау» әнімен түрілді.
Гүлфира Әлиханова облыстық филармонияда 2004 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы жылдар аралығында ол көптеген облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы атанған. Шығармашылық кеште Үкітай Ерниязов, Индира Елубаева сынды жергілікті композиторлардың әндері орындалды.
Лирикалық саз салтанат құрған кеште қазақ эстрадасының жұлдызы Кеңес Әлімжан мен әнші Бекзат Молдабергенов өнер көрсетіп, бірге ән шырқады. Жанды дауыста шырқалған әуезді ән тыңдарманның жүрегіне жол тапты.
Кеш өте керемет өтті, Гүлфира, Индира барлығын өте жақсы танимын,кеш халыққа керемет рухани күй сыйлады.
Тамаша, осындай концерттер болып тұрсын ылғи, көңіл күйіміз көтеріліп, ата-анамызбен келіп, жақсы қайтып бара жатырмыз
Рахмет, Гүлфира қызымызға, кеш өте көңілді жақсы, айтқан әндерінің бәрі адамға жағымды, жақсы концерт болды
Жақсы демалдық, жақсы ән тыңдадық, керемет ән кеші болды.
ГҮЛФИРА ӘЛИХАНОВА – МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Концертке бір жылдай дайындалдым, авторлық осы Сыр елінің композиторларынан, әндерінен 7-8 ән жаздырып, өзімнің қоржыныма, авторский әндерімді репертуарыма қостым, Сыр елінің ақын-композиторларына рахметімді айтамын.00.14 Концертім өте жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын, зал полный болды, адамдардың ықыластары керемет болды.
Талантымен тыңдарманның ықыласына бөленген шығармашылық иесі «Сыр өнерінің өрістеуіне үлес қосу перзенттік парызым» дейді.