Жанар-жағар май мен сұйтылған газ бағасы кезең-кезеңімен қымбаттайды. Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте, Энергетика министрі айтты. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасына қатысты президент жанындағы кеңес шешім қабылдаған.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ

Жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасы бірден қымбаттамайды. Ол кезең-кезеңмен өседі. Былтыр баға диапазоны 54-55 теңге болса, биыл 59-90 теңге арасында. Бағаның қымбаттауы өңірлерге байланысты. Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін болады деп отырмыз.