Облыста әкімшілік құқық бұзушылықтың саны артқан. Мәселен, 2023 жылы мұндай санаттағы 14 мыңнан аса іс тіркелсе, былтырғы жылдың қорытындысымен сот өндірісіне 20 899 әкімшілік құқық бұзушылық ісі тіркелген. Яғни құқық бұзушылықтар саны алты мыңнан астам іске көбейген.
Олардың ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, көлік айдау, біреудің жеке басына қол сұғу, Қазақстан азаматтығын алмау секілді істер жиілеген. Дәл осы санаттар бойынша әкімшілік құқық бұзғандардың саны 16 мың адамды құрап отыр. Оның 1312-ісіне ескерту берілсе, 10 мыңнан аса азамат айыппұл арқалап, 4 мыңы қамаққа алынған. Және 272 адам Республика аумағынан шығарылыпты. Ал жалпы құқық бұзғандарға 816 миллион теңге айыппұл жазасы тағайындалып, бүгінде оның 60 пайызы қайтарылған.
ЖАНАТ БЕКЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«517-бабы шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақастан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы санатындағы 1080 іске, 73-бап бойынша жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар санатындағы іске 2343, 440-бабы алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу 457-ге, 610-бабы көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы 1030 іске көбейіп отыр».
Ал қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына былтырғы жылы барлығы 1184 адамға қатысты 1004 іс келіп түсіпті.
ЖАНАТ БЕКЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«үкім шығарумен аяқталған қылмыстық істердің саны 119-ға көбейген. Қандай санаттағы істер көбейген? Сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу, талан-таражға салу, қарақшылық бойынша, есірткіге байланысты, көлік құралдарына байланнысты істер көбейген. Істердің өткен жылға қарағанда өскен тенденциясы байқалып отыр».