Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасап, өңірдегі инвестициялық жобалар туралы айтты. Бұл бағытта аймақта ауыз толтырып айтар жаңалық бар. Экономиканы әртараптандыруда 2024 жылы аймақта 37 млрд теңгенің 21 инвестициялық жобасы іске қосылды.

Былтыр біздің облыста негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2025-2029 жылдары аймақта құны 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 65 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Биыл «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін қайта жаңғыртылмақ. Еліміз бойынша әлі жаңа жылу электр стансасы жоқ, ал ол Қызылордада салынып жатыр, биыл пайдалануға берілед дегенде залда отырғандар елең ете қалғанын көрдік.

Облыс әкімінің баяндамасында аймақтың даму бағысының негізгі көрсеткіштері қамтылды, сондай-ақ, Қазақстан – Германия, Қазақстан – Корея форумдарында қол қойылған меморандумдарға сәйкес, 31 млрд теңгеге неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн дана шыны бөтелке шығаратын, 19 млрд теңгеге тұрмыстық қатты қалдық өңдейтін кореялық зауыттар құрылысы басталатыны айтылды.