Мемлекеттік қызметшілер енді міндеттерін бұзса, Президенттің немесе Президент Әкімшілігінің тапсырмаларын орындамаса, өкілетін асыра пайдаланса, тәртіп пен әдепті сақтамаса, сондай-ақ мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді бұзса жазалануы мүмкін. Президент мемлекеттік қызмет туралы жарлықтарға өзгерістер енгізді.
Бұдан бөлек, "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру, бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа жаңа ережелер қосылды. Онда мемлекеттік органдардың штат санын ұлғайту, Қазақстан Үкіметі белгілеген тәртіппен әртүрлі мемлекеттік мекемелер арасында бос позицияларды қайта бөлу мүмкіндігі нақтыланған.