Негізгі Жаңалықтар МАС ЖҮРГІЗУШІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

МАС ЖҮРГІЗУШІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Жүргізу құқығынан айырылса да тізгінге қайта отырып, мас күйінде көлік басқарған қызылордалық қамауға алынды. Ал автокөлігі айыппұл алаңына қойылды.

Патрульдік полиция қызметкерлері 1 желтоқсан күні сағат 16:30 шамасында қала көшелерінің бірінде "Ниссан" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 38 жастағы тұрғынның көлікті масаң күйде басқарғаны және оның 2021 жылдың мамыр айындағы сот шешімімен жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғандығы анықталды. 

Бөлісу