Сыр сахнасында алғаш рет Әзербайжан классигі Үзейір Ғаджыбековтың «Аршын мал алан» комедиялық опереттасы қойылды. Қойылымды облыстық филармония әртістері сахналады.

 Комедиялық опереттадағы басты кейіпкер - Әскер есімді жігіт. Жас көпес үйленбекші болып, болашақ жарын ата салты бойынша емес, өз қалауымен таңдағысы келеді. Сол үшін ел кезіп жүріп, Гүлчехра сұлуға кезігеді. Әрі қарай шым-шытырман оқиға.

 ЕВГЕНИЯ ПЕРМЯКОВА - ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ

«Әзірбайжан елінде қалыңдық пен күйеу жігіт бір-бірін көрмей үйленетін дәстүр болған. Алайда Әскер мен Гүлчехраның арманы өз жартысын көріп-біліп үйлену еді. Бір күні Әскердің досы Сүлейман оны «бектің» сарайына мата сатуға жібереді. Ал саудагерлер мен қыздар еркін сөйлесіп, әңгімелесе алады. Осылайша олар бір-біріне ғашық болады. Бірақ Гүлчехраға қарпайым жігітке тұрмысқа шығуға болмайды. Ал ол Әскердің де ауқатты отбасынан екенін білмейді».

Көне дәстүр мен әлеуметтік теңсіздік бойжеткеннің сезімін сергелдеңге салады. Ал шындығында, мұның барлығы Әскердің ақылды айласы еді. Шиеленіске толы оқиғаның соңы cәтті аяқталады. Қызығы сол, осындай салмақты мәселелер көрерменге астарлы әзіл арқылы жеткізілді.

Оперетта жанры Сыр сахнасында алғаш рет қойылып отыр. Бұл жанрдың қарапайым спектакльден айырмашылығы - көрініс барысында кейіпкерлер тек актерлік қырын ғана көрсетіп қоймай, ән айтып, би билеуі керек. Мұның барлығы симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жүзеге асты.

ӘЗИЗА ІЗДІҚҰЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ РЕЖИССЕРІ

«жыл басынан бергі дайындалып жатқан үлкен дүние көрерменнің жүрегінен орын алды. Бұл оперетта ғой. Бұл өзгеше ерекше жанр. Айта кету керек, өзге филармониялар мұндай оперетталар қоя бермейді. Біз енді осындай жүкті өз мойнымызға алдық. Себебі біздің филармонияның вокалдық әртістері осындай дүниелерге қатысып тұру керек. Олардың осыдан шеберліктері шыңдалады. 2 жылдың көлемінде біздің орындаушылырамыз Италиядан дәріс алып келді. соның нәтижесі біздің әртістеріміз осындай дүниелерді алдағы уақытта да алып шығады деп сенеміз».

 ҮМІТ МЕДЕУОВА – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

«мен өзім мына басты рөлдегі Әскердің тәтесі болып ойнадым. Өте керемет әсер алдым. Ән айтып жүріп ойын ойнау, билеу деген сияқты. Өнердің шегі болмайды ғой, сан қырлы. Сондықтан өзімді сынап көрейін дедім. Бұрын әнші болсам, бүгін міне актрисалық, әртістік қабілетімді көрсеттім деп ойлаймын. Халық жақсы қабылдады».

 Мағыналы комедия әлемнің 70-тен аса елінде сахналанған. Енді міне Сыр сахнасында да көрерменге ерекше әсер сыйлады.