Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Президент Аспан асты елінің өкіліне бұл марапатты қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесі үшін табыстағанын айтты. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Бүгінде екі елдің ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты. Өз кезегінде Қытай елшісі Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді.