#заңментәртіп#законипорядок

Жүргізу құқығынан айырылса да тізгінге қайта отырып, көлік басқарған қызылордалық ұсталды.

 Оқиға 8-ші желтоқсанға қараған түні болған. Патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен жол ережесін өрескел бұзған «Ниссан» автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 27 жастағы қызылордалықтың осыған дейін сот шешімімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар көліктің артқы орындығынан тіркелмеген қару табылды. Құқық бұзушыға бірнеше хаттама рәсімделіп, көлігі айып алаңына қойылды.