Биыл жиырмасыншы ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, даңқты батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының туғанына – 250 жыл. Осыған орай аймақта текті тұлғаны ұлықтау шаралары ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы еліміздің ең үздік жыршылары Қызылордаға табан тіреп, «Жанқожа батыр» дастанын жырлады. Сүлейлер сөзін салмақтап, батыр болмысын ардақтанған келелі кеш турасында тілшіміз тарқатады.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы тек бір рулы елдің батыры емес. Сыр перзенті тұтас қазаққа ортақ тұлға. Сондықтан, ұлт қайраткерін ұлықтау шарасына еліміздің әр аймағынан меймандар келді. Зерделі зерттеушілер мен өнер өкілдері алдымен ғылыми-танымдық конференцияда бас қосып, ақтаңдақ жылдар ақиқатын алға тосты. Мұнан соң жыршылар жеребе ретімен «Жанқожа батыр» дастанын орындап, қаумалаған қауымның мерейін өсірді.
МАЙРА СӘРСЕНБАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Осыдан екі ай бұрын байқаудың ережесін жазып, республика көлемінде тараттық. Бұған дейін қанша байқаулар өтіп жатыр, онда қазылар әр жерінен тоқтатып, жырды жалғастыр деп айтатын. Бұл жерде жыршы дастанды толық айтуға құқылы. Жырауларымыздың ішінен бала жырау шығуы мүмкін сондық баланың жасын шектегеніміз жоқ.
«Жанқожа батыр» дастаны тарихи кезең тынысын тап басып көрсеткен дәйекті шығарма. Жалпы құрылымы мың жолдан асатын туындыны мүдірмей орындау оңай шаруа емес. Рухани кеште Сыр өңірімен қатар, Ақтөбе, Маңғыстау облысынан келген таңдаулы 9 жыршы осы талап үдесінен көрінуге тырысты. Ал олардың кәсіби қабілеті мен мақам-сазды игеруін Ақан Әбдуалі, Берік Жүсіпов секілді өнер майталмандары бағалап отырды.
БЕРІК ЖҮСІПОВ – ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ
Халық батыры Жанқожа батырдың 250 жылдығы облыс бойынша тойланып жатыр. Бұл батыр Ресейге, Хиуаға, Қоқанға қарсы, Төре тұқымына қарсы ұлт-азаттық көтерілісін бастаған – шәһид, жанкешті тұлға. Өмірден өткеннен кейін оған қатысты аңыздар мен әпсаналар пайда болды, сондай-ақ батырға арналып жырланған 7-8 эпикалық жыр бар. Сол жырлар халық алдында баяғы ескі дәстүрмен, алқақотан отырып, жыршыға қалағанынша уақыт беріліп, бір сағат айтса да, екі не үш сағат айтса да, еркін форматта орындалады. Алқа тыңдаушылар жыршының өнерін бағалап отырады. Болашақта жыршы жырлату дәстүрі осындай форматта жалғасуы тиіс/
Нұрперзент Қуанбай жыр додасында бақ сынаған ең жас өнерпаз. Сыр сүлейлерінің жолын жалғауды мақсат тұтқан жеткіншек дастан жырлау сайысында тосылмай алдыңғы толқынның ізін лайықты жалғай білді.
НҰРПЕРЗЕНТ ҚУАНБАЙ – ҚАТЫСУШЫ
Бұл жарысқа өзім қатысқым келді. Үлкен кісілермен бір алаңда жарысқа қатысу мен үшін тәжірибе. «Жанқожа батыр» атамыздың дастанын жаттау оңайға түскен жоқ, жаттауға тырыстым. + жыр
ЖҰМАБАЙ ШЕРНИЯЗОВ – КӨРЕРМЕН
Сыр бойы жырауларының мақам саздары өте көп. Халықты жалықтырып алмайды деп үміттенемін. Осы кеш болады дегенен бастап бір ай бойы көрейікші, тыңдайықшы деп талаптандық. 04-09 Жырауларды тыңдап отырсақ, келесі ұрпаққа сіңірсек, қазақтың руханияты сезілмек.
Байқау қорытындысы бойынша маңғыстаулық қария Амангелді Сәңкібаев бас жүлдені еншіледі. 72 жастағы жыршының зердесі әлі тоза қоймаған. Жанқожа батырдың ерлік ісін дәріптеген дастанды бір жарым сағат бойы үздіксіз орындады. Осылайша, таңды таңға ұрып жырлаған сүлейлер ізін жаңғыртқан өнер иесіне құрмет көрсетіліп, 1 миллион теңге қаржылай сыйлық табысталды.
АМАНКЕЛДІ СӘҢКІБАЕВ – ҚАТЫСУШЫ
Бабалардың рухы қолдап, жеңіске жеттік, қуаныштың үстіндеміз. Баршаға рақметімді айтам. Атаның рухы қолдап, осындай мерекелерің жалғаса берсін. Лұқпан Кенжеевтің шығармасы «Жанқожа батырға арнау» шығармасын орындадым.
Ерекше форматтағы жыр додасы биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп, елімізде ұзақ жыр-дастандарды жатқа айтатын жастар қатарын көбейту көзделіп отыр.