#qyzylordatv

Елімізде мектеп асханаларына арналған жаңа ас мәзірі бекітілді. Ендеше жаңа оқу жылында қызылордалық оқушылар мектепте не жеп, не ішіп жүр? Тілшіміз білуге тырысты.

  Жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханасынан қамырға оралған шұжық, пицца, нан-тоқаш өнімдері мен зиянды сусындарды таппайсың.Жаңа ереже барлық мектептер үшін міндетті.

АЛМАРА МАРАТ - ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ Жалпы осы тамақтану стандарды заманауи және халықаралық ұсыныстарды, талаптарды ескере отырып, мақсаты –осы балалардың дұрыс тамақтануы, оның сапалы, құнарлы тамқатануын қамтамасыз ету. Және де осы жаңа тамақтану стандарты бірінші кезекте балалардың физиологиялық қажеттіліктерін, яғни энергетикалық құндылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар маусымдық ерекшеліктерін оның ішінде қыс, көқктем, жаз күз, сонымен қатар жас еркшеліктеріне қарай соның барлығы ескеріліп әзірнеді және де семіздік , қант диабеті, жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алу мақсатында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары негізінде барлық жағдай ескерілді.

 Мамандар ас мәзірінде қант пен қайта өңделген өнімдердің үлесі азайғанын айтады. Бұрынғы майлы тұздықтар да жоқ. Фастфуд өнімдеріне қатаң тыйым салынған. Есесіне, қазір оқушылардың ас мәзірінен жылқы сиыр етін және балықтан жасалған тағамдарды көруге болады. Мәселен, бүгін қаладағы №197 мектепте оқушыларға жылқы еті қосылған дәмді ас, салат пен компот ұсынылды. Қаңтар айында іске қосылған келешек мектебінің бастауыш сыныбында 495 оқушы білім алып жатыр, оның 490-ы тегін тамақпен қамтылған. 5 оқушы үйден оқытылады.

ЕРКІН АҚШАЛОВ - №197 Ә.ҚҰДАБАЕВ АТЫНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ» ДИРЕКТОРЫ Және жоғары буында 5 пен 11 дің аралығында 130 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар. Жалпы 620 бала ыстық тамақпен қамтылып отыр. Балаларға пайдалы жағын, денсаулығына пайдалы жағын қарыстырып, витаминдер тобы көбейтіліп ас мәзірінде. Сонымен қатар, тамақтың құрамындағы қанттың мөлшері мен тұздың мөлшерін азайтты. Қантты 25 пайызға, тұзды 5 пайызға дегендей. Қазіргі таңда бір мезетте 150 орын балаға дейін қамти алатын асханамыз бар. Поварларымыз да барлығы жоғары дәрежелі поварлар.

 Бір сөзбен айтқанда, ас мәзірі балалардың өсуі мен дамуына зардабын тигізбеуі керек. Сондықтан мектеп рационында көкөністер мен жемістер бұрынғыға қарағанда көбірек болмақ.