#qyzylordatv
Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында қызылордалық 25 жас сарбаз әскерге аттанды. Олар Жамбыл облысына қарасты шекара қызметінде әскери борышын өтейтін болады.
Шекара шебіне қызмет етуге аттанған жастардың қатарында Ернар Егізбай да бар. Ол отан алдындағы борышын өтеуді абыройлы міндет санайды. Әскер - ер азаматтың ерік-жігірін шыңдайтын үлкен мектеп деп біледі.
Күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында Сыр өңірінен 900-ге жуық жас сарбаз әскер қатарын толықтырмақ. Олар әртүрлі әскери құрылымдарда отан алдындағы борышын өтейтін болады.
Ата-аналар үшін қимастыққа толы сәт. Сап түзеген сарбаздарға жақындары ақ жол тілеп, батасын берді.
Айта кетейік, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Сыр өңірінен шекара қызметіне жалпы 140-қа жуық ер азамат аттанбақ.