#qyzylordatv

Облыстағы көліктік бақылау инспекциясы алғашқы жартыжылдық жұмысын қорытындылады.

 Инспекция мамандары жыл басынан бері 400-ден астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыларға 23,6 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, республикалық бюджетке 212 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді. Жолаушыларды заңсыз тасымалдау деректеріне қатысты кешенді тексерістер жүргізіліп, 16 тасымалдаушы әкімшілік жауапқа тартылды. Шиелі мен Жаңақорған аудандарында артық салмақпен жүк тасымалдау бойынша да жүздеген іс қозғалды.

 БАҚЫТЖАН БЕКМҰРАТОВ - ОБЛЫС БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Сонымен қатар жалпы пайдаланатын жолдармен жүріп өткені үшін алым сомасы жылдық жоспардан яғни жылдық жоспар 167,858 млн теңге болатын болса, іс жүзінде республикалық бюджетке 212,025 млн теңге өндірілген, яғни жылдық жоспарды біз осы 6 айдың қорытындысымен 26% -ға асыра орындадық.

 Акция барысында 90-нан астам жолаушы тасымалдайтын автокөліктері тексеруден өткізілді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің (573 бабы 1 бөлігі - 3, 571 бабы 2 бөлігі - 5, 572 бабы 1 бөлігі - 4, 590 бабы 8 бөлігі – 4, 628 бабы-2) баптарына сәйкес жалпы 16 тасымалдаушы әкімшілік жауапкерлікке тартылды.