#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады.
Бейжің қаласының Тяньаньмэнь алаңында өткен салтанатты шараны 20-дан астам елдің басшылары тамашалады. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аяқталды. Бірнеше күнге созылған сапар аясында мемлекет басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізіп, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысты. Қазақстан-қытай іскерлік кеңесін өткізіп, бірқатар кәсіпкерді жеке қабылдады. Сондай-ақ, өндірістік және мәдени нысандардың ашылуына қатысыты. Бастысы екі елдің арасындағы байланысты арттыруға бағытталған маңызды құжаттарға қол қойылды.