#рейд #заңментәртіп #жаңалықтар #нақтыақпарат #qyzylordatv
Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастамасымен «Балалар түнгі қалада» іс-шарасы өтті. Нәтижесінде, қадағалаусыз қалған 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді.
Профилактикалық шара барысында 210 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Сондай-ақ, бала тәрбиесінде осалдық танытқан 21 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, беймезгіл уақытта көше кезген 172 жасөспірім ұсталып, заңды өкілдеріне шара көрілген. Жалпы, профилактикалық шараның мақсаты – құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау.