#qyzylordatv #заңментәртіп
«Қақпа алдындағы кездесу». Осылай аталатын жоба аясында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 түзету мекемесінде жазасын өтеп шыққан азаматтарды әлеуметтік бейімдеу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қақпа алдындағы кездесуге пробация қызметі, «Мансап» және қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды оңалту орталықтарының өкілдері келді. Себебі дәл осы күні №37 мекемесінен үш азамат бостандыққа шықты. Мамандар бұл азаматтарға құқықтық кеңес беріп, құжаттарды қалпына келтіру, жұмысқа орналасу және әлеуметтік көмектерге жүгіну жолдары бойынша нақты ақпарат ұсынды.
ЖЕҢІС ЕРНИЯЗ – ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ №37 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Бізден босап шыққан барлық азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді. Жұмысқа орналасатыны жұмысқа орналасты, грант алды. Басқа да әлеуметтік көмек көрсетілді. Мысалы, заңгер кеңесі, құжаттандыру//
Мына азамат осыдан екі жарым жыл бұрын жол-көлік апатына себепші болып, соның салдарынан түрмеге отырып шықты. Мерзімін толық өтеп, еркіндікке шығар кезінде ол да әлеуметтік қызметкерлерден кеңес алды. Шараның басты мақсаты да осы — сотталған азаматтың қоғамға қайта бейімделуіне жәрдемдесу.
Қазіргі таңда, аталған түзеу мекемесінде 200-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Жыл басынан бері 84 азамат бостандыққа шыққан. Олардың 72-сі мемлекеттен бір реттік көмек алса, 11-і тұрақты жұмысқа орналасты.
ҰЛДАНАЙ ӘЛСҮГІРОВА – ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕН АЗАМАТТАРДЫ БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ // Жазасын өтеген азаматтар бізге орталыққа келіп, көмек көрсетіледі. Орталықта психолог, әлеуметтік қызметкер, юрист мамандар бар. Біздің мақсатымыз сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастыру, білім беру, кәсіп ашқысы келетіндер болса мемлекеттік гран алуға көмектесу. Жазасы толық өтелген азаматтарға, 72-баппен шыққандарға бір реттік әлеуметтік төлем жасалады//
Жазасын өтеп шыққандарды жоба аясында қоғамға қайта бейімдеу жұмыстары әлі де жалғасады.