#жастарменкездесу #мәжілісдепутаты #жаңалыұтар #qyzylordatv
Парламент Мәжілісінің депутаты Наурыз Сайлаубай сырбойылық жастармен кездесті. Жиында бүгінгі буын өкілдерін алаңдатқан мәселелер талқыға түсті.
Мәжіліс депутаты алдымен облыстық жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Одан соң еркін форматта басқосу өткізді. Жиында жас отбасыларды баспанамен қамту жайы сөз болды. Депутат аймақта іске асырылып жатқан «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасын оң бағалады. Былтыр аталған бағдарлама аясында қызылордалық 60 жас отбасы баспана бақыт иеленген. Басқосуда НЕЕТ санатындағы жастардың мәселесі және де осы салада жұмыс істейтін мамандардың жалақы жайы да айтылды.
НАУРЫЗ САЙЛАУБАЙ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ жастарға тән өзекті мәселе жалақы мәселесі. Өйткені, бізде педагогтың статусы бар, мем. Қызметкерлердің статусы бар, жастар саясатында жұмыс істеген азаматтардың жалақылары да өте аз. Басқада мем.қызметте жүрген азаматтардың жалақысымен теңестірсе деген уәж бар. Бұл өте орынды. Мен осы мәселелерді көріп, естіп жүргендіктен, болашақта депутаттық сауал жолдаймын деген ниеттемін.