#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #заңментәртіп

Сәулет-құрылыс бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұзғандарға қатысты 232 әкімшілік іс қозғалып, оларға 46 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Заңбұзушылықтар облыстық бақылау жөніндегі басқармасы жүргізген тексерулер барысында анықталған. Жалпы өткен жылы құқықбұзушылық саны 2023 жылмен салыстырғанда көбейген. Жыл көлемінде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 630 өтініш түсіп, оның 545-іне заң талабына сай шаралар қабылданып, жауап берілген. Қалған 85 өтініш қарау реттілігімен басқа органга жолданған.

МАРАТ МЫРЗАБЕКОВ - ОБЛЫСТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

  жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 19 нұсқама берілді. Оның 16-ы орындалса, 1 орындалу сатысында, 2-і сотпен қаралуда. Жалпы өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ. Мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 3056 хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 1805-і тізілімге енгізілсе, 1251 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды.