#qyzylordatv #жаңалықтар #news #қызылорда #бизнес #базар

Биыл жыл соңына дейін қаладағы 5 базар қайта жаңғыртудан өтеді. Қазір оның біреуі толық модернизациядан өтсе, қалғандарында құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұхтар Жетілгенов журналистерге арналған баспасөз брифингінде айтты.

Жалпы қазіргі таңда қала аумағында 11 базар жұмыс істеп тұр. Оның 5-еуі әмбебап, қалғаны мамандандырылған базарлар. Үкімет тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін аталған сауда нысандары жабық базарға айналуы тиіс. Жаңғырту жұмыстары базар басшылығының және кәсіпкерлердің есебінен жүргізіледі. Ол үшін кәсіпкерлер жобалық-сметасын дайындап, екінші деңгейлі банктерге құжат тапсырған.

 МҰХТАР ЖЕТІЛГЕНОВ - ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «сауда базарларын жаңғырту жұмыстары аясында 6 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген. Базарларды жаңғырту жұмыстары кәсіпкерлердің жеке қаражаты және мемлекеттік бағдарламалары аясында жеңілдетілген несиелендіру құралдары шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде «Қанат» әмбебап базары ғана толық модернизациядан өтсе, қазіргі уақытта «Сұлтан» базарының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.Қалған 3 базар, яғни «Асбол», «Сыбаға» және «Талғат» сауда орындары жаңғырту жұмыстарына дайындықты бастады».