#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #баспана

Биыл мыңнан аса қызылордалық баспаналы болмақ. Оның жартысы ипотекалық негізде берілсе, мемлекеттік бағдарлама аясында аз қамтылған жанұялар мен апатты тұрғын үйлердің тұрғындары да жаңа пәтерге көшеді.

 Мынау ипотекалық негізде пайдалануға берілетін үйлер. Жыл соңына дейін дәл осындай 400 пәтер ел игіліне берілмек. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 270 пәтер, сондай-ақ апатты деп танылған тұрғын үйлердің орнына 135 пәтер салынып жатыр.

 ЖЕҢІСБЕК ФАЙЗУЛЛАЕВ - ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «мынау кредиттік тұрғын үйлер, отбасы банк арқылы алынатын үйлерге бізде қазір 2 млрд. 400 млн теңге қаржы бөлініп тұр. Бұл мына 10 тұрғын үйдің 400 пәтерлі аяқтау үшін. Одан бөлек 3 млрд. 800 млн теңге ол әлеуметтік осал топтар үшін. 1 млрд 680 млн теңге бұл апатты тұрғын үйлер үшін. «мына апаттық тұрғын үйлер үшін жаңа пәтерлердің құрылысы Титов қыстағында жүргізілетін болады. Бұл жұмыстардың барлығын осы көктемде бастаймыз. Тек осы ауа-райының қолайлылығын күтіп отырмыз».

 Ал былтыр аймақта алғаш рет 7 қабатты тұрғын үйлер салынып, бұл санаттағы үйлерден 604 пәтер кілті табысталған болатын. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын таппақ.

 ЖЕҢІСБЕК ФАЙЗУЛЛАЕВ - ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «қазір жобамыз дайын тұр. 7 қабатты 10 тұрғын үйдің барлығы 840 үй болады. Республикалық бюджетке қаржыландыру үшін өтінім ұсындық. Еретң осы ақпан айында нақтылау болады. Сол кезде құжаттарымыздың бәрін өткіземіз. Жоспарымыз биыл бұл 10 үйдің де құрылысын бастау».

 Яғни жыл соңына дейін қаладағы тұрғын үй құрылысы бір сәтке бәсеңдемейді, – деді сала мамандары.