Алматылық мамандар Талсуаттағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында семинар өткізді.

Орталықта 3 пен18 жас аралығындағы психоневрологиялық ауытқушылығы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мұнда олар қарапайым тұрмыстық дағдыларды үйреніп, ортаға бейімделеді. Мүгедектігі бар балалармен жұмыс жасау оңай емес. Сондықтан қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру маңызды. Семинар барысында Алматыдан келген мамандар дәріс оқып, шетелдің озық тәжірибесімен бөлісті.