#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #тігін
«Жігітке киім тіккен ұят емес, жұмыссыз жүру ұят». Бұл қызылордалық тігінші Нұрқиса Назардың ұстанымы. Жиырма бес жастағы жігіт жеті жылдан бері ине мен жіпті серік етіп, сән әлемінде өз қолтаңбасын қалыптастырып келеді. Ол тігін машинасымен аруларға арналған әсем туындылар тігіп, ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіріп жүр.
Нұрқиса Назардың тігін өнерін игеруіне нағашы әжесі себепкер болыпты. Балалық шағында әжесінің қол машинасымен жұмыс істегенін қызықтаған ол, есейе келе бұл істі кәсібіне айналдырған.
НҰРҚИСА НАЗАР –ДИЗАЙНЕР-ТІГІНШІ
Тігінді толықтай 2018 жылы бастадым. Оған дейін киімдердің эскизін сызып, дизайнын жасап жүретінмін. Ата-анам қателеспесем, 2015-2016 жылы осы машинаны алып берді. Содан бері мен біраз уақыт қорқып жүрдім, өйткені менде үйрететін адам болмады. Ал әжемде қол машина болатын. Әжем бұл машинаны түсінбеді, содан үйрететін ұстаз таптым. Сол кісіден үйрендім. Ең алғашқы тіккен көйлегім, анама арналды. Анам маған мата әкеліп берді. Әлі есімде анам қатты қуанған еді.
Ине мен жіпті серік еткен жас шебер сән апталықтары мен түрлі жобаларға қатысып, шеберлігін шыңдап келеді. Былтыр «Сыр аруы-2024» сұлулық байқауында қатысушыларға арнайы киімдер мен тақиялар тіккен.
Менің үстімдегі көйлек "урбан номад" стилінде тігілген. Яғни, көшпенділер өркениеті көрініс тапқан. Сондай-ақ, бүгінгі өмір салтында байқауға болады. Ісмердің айтуынша, қазіргі күні дәл осы стилдегі көйлекке сұраныс жоғары.
НҰРҚИСА НАЗАР – ДИЗАЙНЕР-ТІГІНШІ
Менің киімдерімнің көбі негізі жас қыздарға арналған. Минимализімді жақсы көремін. Бір киімді тікпес бұрын алдымен эскизін сызып бастаймын. Эскизі дайын болған кезде, көз алдыма қандай матадан жасау керектігін елестетемін. Сол матаны іздеп, крой,тағы да адам денесіне қонатындай етіп құрастырамыз.
Тігіншінің киімдері күрделілігіне қарай бір-екі аптада дайын болады екен. Ал, «тігін – әйелдерге тән өнер» деген пікірге дизайнердің өз жауабы бар.
НҰРҚИСА НАЗАР – ДИЗАЙНЕР, ТІГІНШІ
Әлемдік брендтердің основателдерінің көбі ер адам дар, сол секілді тігінді әйел не ер адам тіккенін де тұрған ештеңе жоқ. ...
Жас шебер болашақта сән үйін ашып, кәсібін кеңейтуді армандайды.