#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #айтишник #мамандар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы елімізде кем дегенде 100 мың жоғары білікті айти маманын даярлауды міндеттеген болатын. Осы орайда аймағымызда IT секторды дамытуға, кәсіби мамандарды даярлауға басымдық беріле бастады. Цифрлық сауаттылық артқалы бұл мамандыққа нарықта орын жеткілікті дейді жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев.
НҰРЛАН ҚҰЛМЫРЗАЕВ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Байқап қарасақ қазіргі кезде Қазақстанда көп мамандар бізде дата аналитика саласында тапшы.Жалпы елде үлкен мәлімет қоры жиналып қалды. Еговты өздеріңіз білесіздер 2006 жылдан бастап жиналған материалдар бар. Сондай-ақ, соңғы 50 жыл бойы жиналған материалдар бар. Барлығы цифрландырылды қазір. Алайда, оны жинап қойып, басқарудың ешқандай пайдасы жоқ. Қазір ең керегі бізге жиналған мәліметтермен жұмыс істей алатын адамдар. Яғни, мәліметтерді алып, үлкен ақпараттарды сұрыптап, Қазақстанға қандай пайдасын береді, дамуына қандай бағыт бере аламыз деген үлкен-үлкен жоспарлар жасауға болады. Бұлардың барлығын аналитик мамандар жасайды. Бұл мамандарды біз өз институтымызда дайындаймыз. Алдағы жылдары университет облыстың үлкен дата драйверіне жауап беретін, облыстың мәліметтерін сұрыптап, дұрыс шешім қабылдауға көмек беретін центр деп елестетеміз.