#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #аяз #ауарайы
Аяз күшейіп, жел көтеріледі. Синоптиктер алдағы екі күнде құбылмалы ауа-райы болатынын ескертіп отыр. Облыс көлемінде орташа температура -10 және -15 градус аралығында күтілсе, солтүстік аудандарда сынап бағанасы 25 градусқа дейін төмендейді.
САЛТАНАТ БАЙМАҒАНБЕТОВА - ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК
Облыс көлемінде жауын-шашынды, тұман және көктайғақ байқалуда. Дәл осы ауа-райы 22 қаңтарға дейін сақталады. Және осы ауа-райына екпінді жел қосылады. Ол дегеніміз 15-20м/с жел.Екпіні 23-28м/с-на дейін көтеріледі. 22 қаңтардан бастап облыс көлемінде ауа-райы күрт салқындайды. Яғни, түнгі температура -15, -20 градус, солтүстігінде -25 градус аязға дейін күтіледі.
Құбылмалы ауа-райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырады. «Бұл күндері мейлінше далалық аумақтарға және алыс жолға шықпаған жөн» дейді мамандар.
ЖАНБОЛАТ БАҚБЕРГЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
// Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес 22-23 қаңтарда облыста 15-20м/с жел күтілуде. Осыған сәйкес облыс тұрғындары және қала қонақтарынан алыс сапарларға шықпауға және түнгі мезгілде жаяу жүрмеулеріңізді сұраймыз!