#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #жасандыинтеллект #сеул #IT #тәжірибеалмасу

Кореядағы Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетінің студенттері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне оқуға келді. Олар бір апта бойы Жасанды интеллект институтында өзі қатарлы қыз-жігіттермен бірге дәрістерге қатысып, тәжірибе алмасады.

Ко Кенг Тэ Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетінің төртінші курс студенті. «Computer Science» мамандығы бойынша білім алып жатқан ол жасанды интеллект институтының базасымен танысып, дәрістерге қатысуда. Оның айтуынша мұнда IT саласын меңгеруге барлық жағдай жасалған. Қазақстандық жастар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауы керек, - дейді.

 КО КЕНГ ТЭ, СЕУЛ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Бұл менің алғаш Қазақстанға келуім. Маған Қызылорда қаласы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда универститі ұнап жатыр. Студенттер мен оқытушылар бізді жылы қарсы алып, өздерінің қонақжайлығын көрсетіп жатыр. Біз өзіміздің төрт жыл бойы алған білімімізбен жинаған тәжірибемізді осындағы студенттермен бөлісеміз және өзіміздің білмеген дүниемізді үйнереміз деп ойлаймын. Алдағы уақытта Қазақстанға тағыда келгім келеді. Барлықтарыңызға рақмет!

Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласын дамыту бүгінгі күндегі ең өзекті мәселенің бірі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жанынан ашылған Жасанды интеллект институтының басты мақсаты осы. Қазір мұнда бірлескен білім бағдарламасы бойынша грантқа ие болған 100 студент білім алуда. Олар 2025-2026 оқу жылынан бастап қос дипломдық білім беру бағдарламасы аясында Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетінде оқу мүмкіндігіне ие болады.

 НҰРЛАН ҚҰЛМЫРЗАЕВ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қос дипломды бағдарламаны іске асыруды жүзеге асырып жатырмыз. екі бағдарлама болады бізде. Дата менеджмент және архитектр. 2+2 жүйесі бойынша жұмыс жасаймыз. Екі жыл Қазақстан, екі жыл Кореяда. Бітірген кезде екі елдің дипломын алып шығады. Кіретін кезде студенттерден айэлс 6 сұраймыз. Өйткені Корея бізден сол талапты қойып отыр.

 Жасанды интеллект институтының алты студенті алдағы күз айында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Бельгия мен Польшаға оқуға кетеді. Олар жарты жылдан кейін елге оралып, ары қарай білімін Кореяда жалғастырады. Яғни, университетте білім аламын деген жастар үшін үлкен мүмкіндік қарастырылған.