#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #заңментәртіп #экономика

Былтыр облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 3842 талап қойылса, оның 89 пайызы сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға көбейіп отыр.

 Журналистерге баспасөз брифингін өткізген облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Бақытбек Елшібеков сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарды баяндады. Сотқа түскен арыздардың негізінде 3678 азаматтық іс аяқталса, 469-ы өндірістен тоқтатылған. Тағы бір айта кетерлігі талап қоюдың 99,8 пайызы электронды түрде түсіп отыр.

 Осы ретте іс жүргізу тоқтатылған 469 істің 48-і бітімгершілік келісіммен, 341-і медиация тәртібімен татуласып отыр. Есептік кезеңде сот судьяларымен 116 азаматтық іс бойынша әр түрлі себеппен заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар мен мекеме қызметкерлеріне қатысты жеке ұйғарымдар қабылданға. Соның негізінде 22 ұйғарым бойынша 1,2 млн теңге айыппұл салыныпты.