#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда
Былтыр қала бойынша баспана кезегінде тұрған 4714 адам тізімнен шығарылған. Өйткені, түгендеу кезінде тізімде тұрған азаматтардың меншігінде тұрғын үй тіркелгендігі, сондай-ақ, кейбірінің өзге өңірлерге көшіп кеткендігі анықталған. Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек баспасөз брифингінде баяндады.
Қазір қала көлемінде 6 дара тізім бойынша 26 мыңға жуық отбасы баспана кезегінде тұр. Былтыр қала көлемінде 993 отбасы қоныс тойын тойлады. Осы тұста айтап өтетін жайт, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін пайдалануға сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғынжайлар мен жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар енді өз баспаналарын жекешелендіре алады. Аталған мемлекеттік қызмет түрі E-Qazyna порталы арқылы жүргізіледі және комиссия шешімімен қаралады. Тұрғындарды баспанамен қамту жұмысы биыл да жалғасын таппақ. Әсіресе, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ерекше көңіл бөлініп отыр.
АБЗАЛ РЫСБЕК - ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ атап өтетін болсам, 1240 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, жетім балаларға және 135 пәтер авариялық жағдайда тұрған отбасыларға беріледі деп жоспарлануда.