#qyzylordatv

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай Ақордада марапат төрінен көрінгендердің қатарында Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Айбек Тәңірбергенов те бар. Жерлесімізге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ерен еңбегі үшін» медалін салтанатты түрде табыстады.

 Айбек Жақсанұлы ширек ғасырдан бері жас өрендерге жыраулық өнердің ұлағатын ұғындырып келеді. Бүгінде Арал аудандық мәдениет үйіне қарасты «Жаңаберген жырау» үйірмесіне жетекшілік етіп, жүздеген шәкіртке жол көрсетіп жүр. Осылайша дәстүрлі өнерді дәріптеуші азамат ауылдан алысқа ұзамай-ақ, төл өнерді төрге шығарып танылды. Жыршылық өнердің белді өкілі биыл 52 жасқа толып отыр. Сондықтан, жас таланттарға әлі бергенімнен берерім көп, дейді.

АЙБЕК ТӘҢІРБЕРГЕНОВ – «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ /Сыр бойында өткен кешегі шайырлардың қаншама маржан сөзін көкірегімізге тоқып өстік. Алдымыздағы ағалар мен әкенің тәлімін алдық. Енді міне өзіміз аға жасқа келген кезде тәрбиелеп жүрген шәкірттеріміз бар, солардан үміт күтеміз. Қанша жылғы еңбектің нәтижесі деп ойлаймын, еленіп жатырмыз. Енді мұның да жауапкершілігі зор ғой, аянбай еңбек етеміз. Осы өнерге қызмет жасаймыз/