#qyzylordatv

Биыл облыс бойынша 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық техникалық базасы жаңартылады. Сондай-ақ Қызылорда қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 300 орындық жазғы тынығу лагері салынады. Білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы басқарма басшысы Асқарбек Есжанов журналистерге арналған брифинте баяндады.

 Биыл облыс бойынша 9531 бала мектеп бітіріп, қияға қанат қағады. Бітіруші түлектердің 805-і «Алтын белгіге» үміткер. Облыстық білім басқармасы тарапынан оқушылардың кортежге шығуына, мұғалімге сыйлық беруге, отырыс ұйымдастыруға болмайтындығы туралы ескертілді.

 АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \\ Басқарманың алдында тұрған тағы бір маңызды міндет – балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, бос уақытын тиімді өткізу. Осы мақсатта облыс көлемінде жаз бойы сегіз лагерь жұмыс істейді. Жеті ауысымда 7153 бала демалыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Бұл мақсатта обл.бюджеттен 224 млн 735 мың теңге қаржы бөлінген. 8 лагерде толық жөндеуден өтті және мат.жабдықтары жаңартылды..... \

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен отбасының балалары тынығу орталықтарында тегін демалады. Оқушылар мұнан бөлек «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-инновациялық академиясы, Оқушылар сарайы секілді қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелерге де қатысады.

 Енді өңірде салынып жатқан білім нысандарына тоқтасақ. Дарынды балаларға арналған облыстық физика-математика бағытындағы «Білім - инновация» лицей-интернаты жақын күндері ашылады. Жыл соңына дейін 3 900 орындық 4 «Жайлы мектеп» пайдалануға беріледі. Қызылорда қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 300 орындық жазғы тынығу лагері салынады. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы 5 мектепте «Космоград Байқоңыр» жобасы жүзеге аспақ. Нәтижесінде білім ошақтары интерактивті құралдармен жабдықталады.