#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Өңірде «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында «Болашаққа бағдар» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға жергілікті кәсіпорындармен қатар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Ұлытау, Павлодар облыстарының өкілдері қатысып, 8 мыңнан астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бүгінде облыс бойынша 16 мыңға жуық жұмыссыз азамат бар. Ал, еліміздің солтүстік өңірлерінде жұмыс күші жетіспейді. «Солтүстік өңірлерге қоныс аудару» жобасы осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қолға алынған. Жоба аясында соңғы бес жылдың ішінде аймақтан 688 отбасы қоныс аударған. Олар бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй мен біржолғы қаржылай көмекпен қамтамасыз етілді. Еңбекке жарамдылары жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттен қаржылай қолдау алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандары да бар.

Қостанай облысындағы Алтынсарин ауданы ауыл шаруашылығына бейімделген аймақ. Сондықтан ол жаққа механизаторлар мен көлік жүргізушілері керек. Елді мекендерде дәрігерлер мен мұғалімдер де жетіспейді. Қостанайдан арнайы келген мамандар жәрмеңкеге келген тұрғындарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сауалдарына жауап берді.

Абай облысында да бос жұмыс орындары көп. Жергілікті әкімдік оңтүстік өңірлерден көшіп барған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, мамандығына сай жұмыс тауып береміз,- дейді. Мұнан бөлек, төрт түлікті түлетем деген азаматтар болса шаруашылық тарапынан көмек беріледі.

Қызылордалықтарды солтүстік пен шығыстың табиғаты тамсандырады. Сондықтан осы өңірлерге көшіп баруға ниетті азаматтар көп.

СНХ: ГҮЛЖАН МАТЕЖДАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

ТІЛШІ: Шара барысында қайтарымсыз грант алып, кәсібін бастаған азаматтар өздерінің шығарған өнімдерін келушілер назарына ұсынды.

 Жәрмеңкеге келіп, екі облыс арасындағы ынтымақтастықты арттыруға үлес қосқан азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Үздік тауар өндірушілер де марапат биігінен көрінді.