#qyzylordatv

Облыстық статистика департаменті іс-қағаздарын 100 пайыз қазақ тілінде жүргізіп отыр. Ал құжаттың орысша нұсқасы қажет болған жағдайда ғана жолдануы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыруға бағытталған семинарда айтылды.

 Жиында философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев мемлекеттік тіл саясатын дамытуда нақты бағыттар бойынша жұмыс істеуді ұсынды. «Әрбір мемлекеттік қызметкер қай салада болмасын өзінің тіліне құрметпен қарап, іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізсе, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетініміз анық»,- дейді тіл жанашырлары.

ЛАУРА КЕНЖЕҚОЖА – ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азаматтың міндеті. Біздің департаментте барлық құжат айналымдары, іс қағаздар мен түрлі жиындар толық 100 пайыз қазақ тілінде өтеді. Қазақ тілінің беделі өзіміздің тілімізге деген құрметтен басталуы қажет. Сол себепті әрқайсысымыз тіл тазалығын сақтап, оны дамутыға өз үлесімізді қосуымыз қажет.//

БАЙМЫРЗА ҚОЖАМБЕРЛИЕВ – ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ //Мемлекеттік тіл – қазақ тілімізде түрлі проблемалар туындап жатыр. Ал енді бәрін орындау өзімізге байланысты. Сондықтан осындай мекемелерде, басқармаларда қазақ тіліне мән беріп, болашағымыз қазақ тілі екендігін көрсетуіміз керек...//