#qyzylordatv

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық холдингі кеңесінің отырысы өтті. Жиында экономиканың нақты секторын қаржыландыруға ерекше назар аударылды.

 Сондай-ақ холдингтің және Қазақстанның даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының бірінші тоқсандағы жұмыстары таныстырылды. Отырыс қорытындысында Холдингтің инвестициялық саясатын және қаржылық, ұйымдастырушылық бағыттарын жетілдіруге қатысты бірқатар құжат қабылданды.

 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

 Қазір Холдинг іске асырып жатқан басым міндеттердің бірі – экономиканың нақты секторын қаржыландыру. Экономикаға, еліміздегі бірқатар аса маңызды индустриялық және инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға жоспарланған 8 трлн теңгенің игерілуі қазірдің өзінде 2 трлн теңгеге жақындап қалды. Мен «Бәйтеректің» барлық еншілес құрылымдарының нақты, үйлесімді жұмыс істеу қажеттілігіне назар аударғым келеді. Холдинг, мемлекеттік капиталдандыру бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда, экономиканы 8 трлн теңгеге қаржыландыру жөніндегі міндетті орындайтынына сенімдімін.