#qyzylordatv

Қызылордада «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

 Бүгін Сырдария өзенінің сол жағалауында саптық жиын өтті. Аталған іс-шара төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдардың, жедел қызметтердің және азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оқу жаттығу жиыны ертең де жалғасады. Онда азаматтық қорғау қызметі практикалық іс-қимылдар жүргізеді.

ТЕМІРБЕК БЕЙСЕНБИН – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //00:19-/ осы оқу жаттығу жиынына 48 техника, 170 адам және кинология қызмет мамандары қатыстырылуда. Оқу-жаттығудың мақсаты төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесімен қызметтердің өзара әрекет жасау жұмыстарын шыңдау. Бірлескен жұмыс жағдайларын жетілдіру болып табылады.