#qyzylordatv
«ORDA» жоғары колледжінде халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиынға Түркия мемлекетінен арнайы келген оқытушы ғалымдар қатысты.
Биыл «Орда» колледжі бірнеше шетелдік оқу орындарымен меморанумға отырды. Соның ішінде Түркиядағы Сельчук университетінің колледжі де бар. Конференцияға қатысушылар қазақ және түрік халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері тақырыбында ой бөлісті. Ұйымдастырушылар мұндай мазмұнды семинар екі ел арасын одан әрі жақындастыра түсетінен айтады. Бұған қоса, жиында оқу орындарының байланысын одан әрі нығайту жайы да талқыға түсті.
АЙГҮЛ ӘЛІБАЕВА - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ / Әріптестікті нығайту мақсатында бізде колледжде қазіргі таңда екі топ түрік тілін үйренуде. / алдағы уақытта аударма ісі мамандығына екінші тіл ретінде түрік тілін таңдауды жоспарлап отырмыз.
ЕРДОҒАН БОС – ОСМАНГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ, ПРОФЕССОР ///Бауырлас елдің байланысы бұрыннан мығым. Қазіргі қазақ-түрік қатынасын жоғары бағалауға болады. Дәстүр тұрғысынан ұқсас дүниелер аз емес. Енді білім саласына ден қойылып отыр. Меніңше, мұндай әріптестік қос тарапты одан әрі жақындастыра түседі деп сенемін.