#qyzylordatv

Облыста гандболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан 6 команда қатысып жатыр.

Гандболдан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 100 ден аса спортшы бақ сынап жатыр.

  ВЯЧЕСЛАВ КИМ – БАС ТӨРЕШІ

// Бұл өте маңызды жарыс, себебі 2008 жылғы жасөспірімдер арасында ел намысын әлемдік аренада қорғайтын команда анықталатын болады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мықтылар алты күн бойы бақ сынайды,бүгін бірінші күн қазір үшінші ойын өтіп жатыр, нәтиже жақсы

 Алғашқы күннің қорытындысымен жергілікті «Қайсар» командасы қарағандылық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Әдемі ойын өрнегін көрсеткен бұрымдылар алдағы сайыстарда да жеңіске жететініне сенімді.

 НҰРДАНА ҚЫРҒЫЗБАЙ - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Қызылорда облысының намысын қорғап, Қазақстан чемпионатын ойнап жатырмыз, 01.26 командамен осы сайысқа бір жылдай дайындалдық, үмітті ақтаймыз

Жеңімпаз команда Азия чемпионатына жолдама алып, байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын болады.