#qyzylordatv

Облыс орталығында «Оңтүстіктен солтүстікке» бағдарламасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Ұлытау өңірлерінен келген делегация жобаның тиімділігін түсіндіруде.

  Ал, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарының тзімінде ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, мәдениет және спорт, сервистік қызмет көрсету салалары көбірек. Іс-шара 3-маусымға дейін жалғасады.

АЙГҮЛ ҚИЯСОВА – ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ//Адам басына 275 мың теңгеден әрқайсына төлейді және қоныстанғаны үшін 4 млн-нан аса қажылай көмек көрсетіледі. Тұрақты жұмысқа орналасады, мамандығы жоқтар оқуға тартылады. Сонымен қатар, қайтарымсыз гранттар беріледі. 2024 жылы 300 отбасы солтүстікке қарай қоныс аударды. Бүгінгі күнде де ниет білдіріп жатқандар бар//