#qyzylordatv

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар білім ордасында мектеп бітіру кеші өтті. Ордалы оқу ордасы биыл 106-шы түлектерін ұядан ұшырып отыр.

Кеше ғана тұлымшағы желбіреп, жүрегі елжіреп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздар үшін бұл күннің маңызы зор. Тарыдай болып табалдырық аттаған олар бүгін үлкен өмірге алғашқы қадам басқалы отыр. Жас түлектердің жанарында қимастық, көкейінде көп арман жатыр.

НҰРДӘУЛЕТ ДҮЗЕНОВ – ЖАС ТҮЛЕК //11 жыл бойы бізге тәлім-тәрбие берген ұлағатты ұстазадарға алғысымды білдіремін. Аяулы жандардың алдында әрқашан қарыздармыз. Сондай-ақ, осынау мерейлі мезетте барша сыныптастарымды алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл алып, таңдаған мамандығына оқуға түсуге тілектеспін.

АҚЕРЕК БҰҒЫБАЙ – ЖАС ТҮЛЕК / балалық шағымның ең тәтті кездері осы мектепте өтті. Сондықтан осы мектептің ұстаздарына алғысымды білдіремін. Сыныптастарымды, мектепті қимаймын.

РАЙХАН ШАҢБАЙ – ЖАС ТҮЛЕК /// Мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-дан жоғары балл алуды тілеймін. Ұстазыма Әйгерім Мейірханқызына алғысым шексіз. Өзінің тәлім-тәрбиесін көрсетіп,дұрыс жол көрсеткені үшін апайыма алғысым шексіз.

Ұлы Абайдың есімі берілген білім ордасы жеткен жетістік аз емес. Биыл 271 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, қияға қанат қақты. Оның 24-і алтын белгіге, 33-і үздік аттестатқа үміткер. Бір қуанарлығы, шет мемлекеттің грантын иеленіп, арнайы шақырту алған түлектер де бар.

АЙГҮЛ ӨТКЕЛБАЕВА – АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /// біздің мектебіміз ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын болғаннан кейін ELLS тіл білімі нәтижесінде біздің оқушыларымыз ең жоғарысы 8 балл, 7-7,5 баллды түлектеріміз жинап тұр. Сондықтан біз жақсы мамандықтарды таңдап, ҚР білікті маманы болатынына сенеміз. Барлық бітіруші түлектерге сәттілік тілеймін.

 Қоғам дамуының кілті білімдінің қолында. Мектеп қабырғасынан алған сапалы білім мен саналы тәрбие жарқын болашақтың негізі. Мерейлі мезетте ата-аналар қауымы жастарға ақжолтай тілегін арнап, ұстаздарға алғаусыз алғысын жеткізді.

Осылайша, жас түлектер бір белесті артқа тастап, үлкен өмірдегі жаңа қадамға жолдама берілді. Сәт сапар, саған жас түлек!