Вице-президент Ерлан Қарин Ватикан делегациясымен II бірлескен коллоквиумның ашылуына қатысты
#qyzylordatv
Қазақстан мен Ватикан жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға арналған Хартия жобасын талқылады. Бұл мәселе Астанада өткен Қазақстан мен Қасиетті Тақтың II бірлескен коллоквиумының ашылуында көтерілді.
Жиынға Вице-Президент Ерлан Қарин мен Ватикан делегациясын бастап келген кардинал Джордж Кувакад қатысты. Кездесу барысында тараптар дінаралық ынтымақтастық пен бірлескен гуманитарлық бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Ерлан Қарин балалардың, әсіресе әлеуметтік осал топтағы бүлдіршіндердің құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ Хартияны әзірлеуге атсалысқан Ватиканның Дикастериясы мен «Бамбино Джезу» госпиталіне алғыс білдірді.