Мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өтті
#qyzylordatv
Қызылордада мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өтті.Аламанға түскен 16 ұжымның ішінен дара шыққан қос команда финалда бақ сынады.
Турнир барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлап, пікірін дәлелдеу, өз ұстанымын қорғау қабілеттерін көрсете алды. Бұл дағдылардың барлығы әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысында өте маңызды. Пікірсайыс қорытындысы бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының «Сатып алу гладиаторлары» командасы жеңімпаз атанды.
БАҒДАТ ӘБДІҚАДЫР, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер агенттігінің бастамасымен өтіп жатқан дебаттық турнир.+Облыстық деңгейде 16 команда қатысып, өздерінің бақтарын сынады.+Бұл сайыстың қызметшілерге берері сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Олар жеке қасиеттерін шешім қабылдау білу, өзінің уәждерін дәйекті түрде жеткізе білу қабілеттерін шыңдайды. Аталған турнир аясында мемлекеттік қызметшілер өздеріне өте қажетті мағлұматтар алды деп ойлаймыз.