Қыс түскелі Қызылордада бірнеше мәрте көктайғақ болды. Соның салдарынан биыл әртүрлі дене жарақатын алғандар көбейді. Біздің түсіру тобымыз қалалық көпбейінді ауруханасында болып келді.
Бұл қалалық емхананың травматологиялық бекеті. Көктайғақта жедел жәрдемге жүгінушілер легі үзілер емес. Қала тұрғындары түрлі жарақатпен түскен.
#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #аурухана#көктайгақ
ӘЛИ САЙФУЛЛА - ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ «травматология бөлімінде орын саны 33 науқасқа негізделген. Бірақ қазір 43 науқас жатыр. Осы ауа-райының қолайсыздығына байланысты науқастардың саны күрт өсуде. Жарақат бекетіне жәй күндері 45-50 науқасқа дейін келетін. Қазіргі таңда 89-90-100 науқасқа дейін келіп түсіп жатыр. Ауа-райының қолайсыздығының халыққа тигізіп жатқан зияны осындай болып тұр».
Жалпы қаңтар айынан бері қалалық аурухананың травматология бекетіне мыңға жуық адам келіп түскен. Тұрғындар көбіне иық мойын сүйегі, жамбас, қол сүйектері мен тобық сыну фактілерімен шағымданған. Оның ішінде қарттардың саны көп.
ӘЛИ САЙФУЛЛА - ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ «мұз болып көбіне келіп түсіп жатқан үлкен кісілер. Ол кісілер енді жасына байланысты құлаған кезде сыну қаупі жастарға қарағанда көп болады. Қазір ауруханада жатқан пациенттердің көбісі үлкен кісілер».
65 жастағы қала тұрғыны Төлеген Бектұров өз ауласында тайып құлап, жарақат алыпты.
ТӨЛЕГЕН БЕКТҰРОВ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «10-ы күні кешке таман жер тайғақтығынан тайып құлап, иығымды сындырып алдым бұғанамды. Травмапунктке келдім. Бірден қабылдады. Ертесіне операция жасады. Операциям сәтті өтті. Қазір жақсымын».
Бүгінде қалалық аурухананың травматология бөліміне қосымша орындар қосылып, жарақат алғандарға барынша көмек көрсетіліп жатыр. Мамандардың айтуынша күн жылыса жағдай тұрақталады. Ал «Қазгидромедтің» мәліметінше алдағы екі күн тағы да жауын-шашынды болады. Ақпанның 20-сынан кейін күн күрт суытады.