Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады. Кездесуде екіжақты күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелері қарастырылды.
 Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы, энергетика және банк секторларындағы өзара тиімді байланысты кеңейтуге ерекше мән берілді. Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийярто халықаралық маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.