#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #заң #облыс

Биыл «Профилактика жылы» деп жариялауына байланысты облыс көлемінде «Қауіпсіз аймақ» жедел профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осының нәтижесінде құқықбұзушылықтың түрлі санаттары бойынша деректер дер кезінде анықталып отыр.

 Мәселен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде 5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ұсақ бұзақылық 81, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу 588, түнгі тыныштықты бұзу 391, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруіне қатысты 545 жағдай тіркелген.

 «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандар арасында барлығы 292 құқық бұзушылық анықталса, әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 861 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарының жауапкершілігі қаралды.