Облыс орталығында теннистен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Оған теннис үйірмесі бар 9 облыстың спортшылары қатысты.
Сайыс қорытындысымен ұлдар арасында бірінші орынды Петропавлдан келген Сұлтанәли Қанат жеңіп алды. Екінші орынды қызылордалық Әбдірахман Орынбек еншілесе, үшінші орын қостанайлық спортшы Әділхан Ералинге бұйырды. Ал, қызылордалық бұрымдылар осы турнирден бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды. Сәлима Ижан оқ бойы озып шығып чемпион атанса, екінші орынды Дария Шахарман иеленді. Ал, қола жүлдені ақтөбелік Анар Исағали алды.