«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аудандарда жалғасып жатыр. Мәселен, аралдық жастардың бастамасымен "Эко-волонтерлік: жасыл болашаққа қадам" атты жиын өтсе, оқушылар үйінде арнайы экологиялық сағат өтті. Онда қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жайында кеңінен айтылды.
Ал, Қазалы ауданында «Көктемгі көшет» атты акция болды. Онда аудан әкімі бастаған белсенді топ кент көшелеріне жас шыбықтар егіп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері аталған іс-шараға 24379 ерікті тартылған. Нәтижесінде 1551 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 167 сквер мен саябақ, 58 тарихи және мәдени ескерткіш, 484 әлеуметтік нысан, 1653 аула мен көше тазартылды. Осы жұмыстар үшін 220 бірлік техника жұмылдырылды.