Тоғызқұмалақ: Ермұхаммед Әлайдар әлем чемпионы атанды
#qyzylordatv
Спорт әлемінен сүйінші ақпар. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен қызылордалық тоғызқұмалақшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермұхаммед Әлайдар Әлем чемпионы атанды.
Осымен 8 рет жалауын желбіреткен байрақты бәсеке Румынияның Бухарест қаласында өтті. Онда 14 елден барған 80 спортшы екі дисциплина бойынша бақ сынады. Жаһандық жарыста жерлесіміз блиц түрінен алтын жүлде жеңіп алса, рапид бағыты бойынша күміске қол жеткізді. Айта кетейік, Әлем чемпионы атанған спортшыны Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов жаттықтырады.