13 мың тонна қоқыс шығарылды
#qyzylordatv
Шиелі кентінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Өңір тұрғындары қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстарына белсене қатысып, туған жердің келбетін өзгертуге айтарлықтай үлес қосып келеді.
Таза Қазақстан — бұл тек экологиялық науқан емес, бұл ортақ жауапкершілік пен табиғатқа деген қамқорлықтың белгісі. Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 13 мың тонна қатты қалдық жиналған. Ал, қазір аллеялардың, саябақтардың және тарихи-мәдениетті ескерткіштердің аумақтары тазартылып, әрлеп-сырлау жұмыстары жүргізілуде.
ҚАНАТ РАХМАНБЕРДІҰЛЫ ¬– КЕНТ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Таза Қазастан экологиялық акциясынада Шиелі кентін көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына шиелі халқының тұрғындары да жақсы атсалысуда. Қазір бұрыңғы кездегідей үйден шыққан тұрмыстық қатты қалдықтары әр жерге тастамай, халық өзі бір қалыпқа, бір реттілікке келді. Әрбір тұрғынға өз үйінің ауласын таза ұстау және де оқушы балаларға, балбақшадағы балаларға таза болуды үйрету жұмыстары жүргізіліп келеді.
Көпшілік көне Базар каналының игілігін көріп келеді. Десе де, күл-қоқыс пен қаптаған қамыс кәрі арнаның ағынына кедергі келтіріп келген еді. Акция аясында арықтың бойы арам шөп пен қалдықтардан толықтай тазартылыпты. Бірлікпен атқарылған игі іс қоршаған ортаны жақсартуға септігін тигізді. Енді су арнасының кенттен өтетін тұсын бетондау жұмыстары жүріп жатыр. Арықтың бойын жағалай қоныстанған жұрт бұл жұмыстарға дән риза.
ҒАЛЫМЖАН РАХМЕТОВ - КЕНТ ТҰРҒЫНЫ
Неше жылдан бері өзіміз шабамыз мынаның ішін. Тазалаймыз. Су жүрмей қалады. Тасиды. Мусор болады. Мынау жақсы болды енді. Өзімі қадағалап, жанымыз ашып, көмектесеміз. Бізге өте керек, есік алдын суарамыз. Үйрек ұстайды осы жерде балдар.
ҚАНАТ РАХМАНБЕРДІҰЛЫ ¬– КЕНТ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Шиелі кентіндегі көркейту-көгалдандыру жұмыстары жыл сайын пәрменді түрде жүріп келеді. Осы аяқ судың жеткілікті болуы осы кезге дейін еккен талдардың шығымдылығы 50-60 пайыз болса, шығым көлемін 80-90 пайызға дейін жеткізу мүмкіндігі зор болып тұр.
Тазалық пен тәртіп – қауіпсіздік пен мәдениеттің айнасы. Тәртіп сақшылары заманауи бейнебақылау камералары арқылы кент көшелерін қырағы түрде қадағалап отыр.
БАҚБЕРГЕН ӘБДІМАНАПҰЛЫ – АУДАНДЫҚ ПБ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ
Таза Қазақстан акциясы бойынша жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабы абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша жыл басынан 711 дерегі анықталып, тұрғын үй иелеріне ескерту жұмыстары жүргізілді. Жедел басқару орталығы көмегімен 434-2 бабымен ортақ пайдалану орындарын ластау бойынша 314 дерегі анықталып, азаматтарға әкімшілік шара көрілді. Азаматтар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда темекі тұқылын тастап, ластау дерегі көп анықталуда.
Тәртіп сақшылары тазалықты сақтау бағытында тұрақты түрде үй-үйді аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.